Flux (FLUX)

Орташа

Flux дегеніміз не?

Flux – Web3 әзірлемесін қолдауға арналған орталықтандырылмаған бұлт инфрақұрылымының протоколы. Платформа ашық және шектеусіз ортаны ұсынады, онда әзірлеушілер қауымдастық басқаратын түйіндердің жаһандық желісінде қолданбаларды құрастыра, орналастыра және масштабтай алады.
Flux есептеулерді, сақтауды және хостингті қауымдастық инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген орталықтандырылмаған модельге ауыстырып, кәдімгі бұлт платформаларына балама ұсынады. Flux экожүйесі үш негізгі құрамнан тұрады: FluxOS – орталықтандырылмаған қолданбаларды (DApp) орналастыруға арналған арнайы операциялық жүйе, FluxNodes – желінің жұмысын қамтамасыз ететін түйіндер және FLUX токені – ынталандыру мен басқару тетіктерінің негізі болып табылады.

Flux қалай жұмыс істейді?

Flux есептеу қуатын, сақтау мүмкіндігін және хостинг қызметтерін ұсынатын FluxNodes таратылған желісінде жұмыс істейді. Әзірлеушілер Flux протоколын орталықтандырылмаған инфрақұрылымдық қабат ретінде пайдалана отырып, DApp, API, және басқа қызметтерді осы түйіндерге тікелей орналастыра алады.
Желі жұмыс дәлелі (PoW) консенсус механизмімен қорғалған, ал түйін операторлары FLUX токендерін кепіл ретінде стейкингке салады. Өз кезегінде олар өздерінің түйіндерін желіде ұстап, желіні ресурстармен қамтамасыз еткені үшін сыйақылар алады.
Flux протоколы Fusion деп аталатын кроссчейн көпірін ұсынады. Ол FLUX токендерін бірнеше блокчейн арқылы жылжытуға мүмкіндік беріп, олардың пайдалылығын нативтік желіден тыс кеңейтеді. Протоколдың модульді құрылымы әзірлеушілерге есептеу модульдерін және API-ларды біріктіруге мүмкіндік береді, бұл қолданбаларды таралған ортада икемді түрде орналастыруды жеңілдетеді.

Басты ерекшеліктері

CLOUD

CLOUD – қарапайым және қолжетімді етіп жасалған FluxCloud-қа арналған тұтынушы интерфейсі. Бұл интерфейс арқылы сіз WordPress және FluxDrive сынды өнімдерге қол жеткізе аласыз, сондай-ақ платформа уақыт өте келе жаңа мүмкіндіктермен толықтырылып отырады.

HOME

HOME – FluxCloud әзірлеушілеріне арналған бақылау тақтасы. Бақылау тақтасы кеңейтілген құралдар мен сервер функцияларына жан-жақты қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады. Бұл мұқият бақылауды қажет ететін техникалық пайдаланушылар мен инфрақұрылым провайдерлері үшін тамаша мүмкіндік.

FLUX дегеніміз не?

FLUX – Flux экожүйесінің нативтік токені. Оны түйін операторлары кепіл ретінде, қызметтерге төлем жасау, стейкинг пен басқару үшін пайдалана алады. Түйін операторлары да, майнерлер де ресурстарды қосқаны және желіні қорғағаны үшін FLUX түрінде сыйақылар алады. Токен иелері Flux орталықтандырылмаған автономды ұйымы XDAO арқылы протокол бойынша шешім қабылдау үрдісіне қатыса алады.

Қорытынды

Flux – бұл Web3 қолданбаларына есептеу, сақтау және хостинг қызметтерін ұсынатын орталықтандырылмаған бұлттық экожүйе. FluxNodes жаһандық желісі, пайдаланушы операциялық жүйесі және токенделген ынталандыру үлгісі арқылы платформа орталықтандырылған бұлт қызметтеріне балама ұсынуға бағытталған.