Binance қолданбасының Қаржы әмиянына көшіру бойынша сұрақ-жауап

2021-08-27 08:58

Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, Binance компаниясы Binance қолданбасындағы P2P әмияндары мен басқа әмияндарды Қаржы әмияндарына біртіндеп көшіруде. Егер сізде P2P, Pay, карта немесе сыйлық картасы әмияны болса, ондағы қаражат та Қаржы әмияныңызға көшіріледі. 

image

Қаржы әмиянында көрсетілген әмиян балансы P2P сатып алу/сату тапсырыстарындағы, Binance Pay, Binance картасындағы, Binance сыйлық картасындағы және Binance Pool-дағы криптовалютаның жалпы балансынан тұрады. 

image

Қаржы әмияныңыздағы барлық қаражатты аударуға болатынын ескеріңіз. Мысалы, қаржы әмияныңыздың балансында 1000 USDT бар және сіз P2P саудасынан 100 USDT сатып алдыңыз, аударылатын сомаңыз 1100 USDT болады.  

Жиі қойылатын сұрақтар

1. P2P саудасынан сатып алынған криптовалютаны қайдан табуға болады?

P2P саудасынан сатып алған криптовалюта [Қаржы әмияныңызға] аударылады. Бұл криптовалюталармен сауда жасау үшін, оларды [Спот әмияны], [Маржа әмияны] немесе [Фьючерстер әмияны] сияқты тиісті әмияндарға қолмен тасымалдау керек. 

2. Мен өз криптовалютамды P2P саудасы арқылы сатуды қалаймын. Қай әмиянды пайдалануым керек?

Криптовалютаңызды P2P саудасы арқылы сату үшін алдымен қаражатыңызды [Қаржы әмиянына] аударуыңыз керек. Сату тапсырыстары қаржы әмияныңыздан тікелей шегеріледі. 

3. Көшкен соң әмиянымның балансы өзгере ме?

Жоқ, қаражатыңыздың қауіпсіздігі сақталады. Көшу кезінде Binance Tech Team ұжымы P2P, Pay, карта және сыйлық картасы әмияныңыздың барлық балансын [Қаржы әмияныңызға] аударуға көмектеседі, сізге ештеңе істеудің қажеті жоқ.