Binance жүйесінде шот балансын қалай растауға болады?

2023-02-10 09:00

Binance әрбір пайдаланушы активтерінің қауіпсіздігі мен қорғанысының толық ашықтығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Енді Binance компаниясының резервтер растамасы мен шотыңыз балансын дәл тексеру үшін, zk-SNARKs және Merkle Tree пайдалана аласыз.

zk-SNARKs және Merkle Tree көмегімен шот балансын қалай тексеруге болады?

1. Ресми GitHub веб-сайтына кіріп, репозиторийден тексеру құралын жүктеп алыңыз.

Растау құралының нұсқасыPOR растау циклі
1.1.02024 жылдың 1 қазанынан қазіргі уақытқа дейін
1.0.22023 жылдың 1 қарашасынан 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін
1.0.12023 жылғы 1 наурыздан 2023 жылғы 1 қазанға дейін
1.0.02023 жылғы 1 ақпанна 2023 жылғы 1 ақпанға дейін
Меркл ағашын растау2022 жылғы 22 қарашадан 2022 жылғы 22 желтоқсанға дейін

2. Binance.com сайтына өтіп, шотыңызға кіріңіз. [Профиль][Әмиян][Тексеру] түймесін басыңыз. Содан кейін тексеру деректерін кеңейту үшін көрсеткіні басыңыз.

image

3. Өзін-өзі тексеретін Merkle Tree жазбаларын іздеңіз және [Тексеру түрі] «Merkle Tree + Zksnarks» екенін тексеріңіз. Өз шотыңыздың деректерін көресіз. Оны компьютеріңізге сақтау үшін, [Merkle Tree жүктеп алу] түймесін басыңыз.

Есептің нақты уақыттағы активтердің снапшоты емес, бір бөлігі екенін ескеріңіз. Ол ағымдағы активтер санына сәйкес келмеуі мүмкін.

image

4. Тексеру құралы қалтасына өтіңіз. Түпкі хэшті тексеру үшін, MacOS жүйесінде «./verifier_darwin_amd64», Linux жүйесінде «./verifier_linux_amd64» немесе Windows жүйесінде «./verifier_windows_amd64.exe» іске қосыңыз. 

Алғышарт: 

Zip файлында «config.json», «proof.csv» және «zkpor864.vk.save» параметрлерін орнатып, оларды «PathToVerifierTool/config» қалтасына салыңыз.

Конфигурация:

  • Дәлелдеуші тарапынан жасалған zk-SNARKs дәлелдеу деректер файлына сілтеме жасау үшін, «ProofTable» орнатыңыз;
  • Бума ішінде жүктеп алынған растау кілтін көрсету үшін, «ZkKeyName» параметрін орнатыңыз;
  • «CexAssetInfo» Binance жүйесінде көрсетілген барлық токеннің (барлық расталатын және расталмайтын активтерді қоса) жалпы тұтынушы балансын білдіреді. Оны көрсетілген zk-SNARKs дәлелін пайдалану арқылы растауға болады. Сіз Binance резервтер дәлелі бөлімінде расталатын актив арқылы салыстырып тексере аласыз. BTTC, SHIB, LUNC, XEC, WIN, BIDR, SPELL, HOT, DOGE, PEPE, FLOKI, IDRT, BONK, DOGS, 1000SATS және NEIRO (10^2) токендерін қоспағанда, барлық баланстар мен бағалар 10^8 мәніне тең болады.
image
image

5. Шотыңыз туралы ақпаратты тексеру үшін, MacOS жүйесінде «./verifier_darwin_amd64 -user» немесе Linux жүйесінде «./verifier_linux_amd64 -user», Windows жүйесінде «./verifier_windows_amd64.exe -user» параметрін пайдаланыңыз.

Алғышарт: 

«user_config.json» параметрін жүктеп алыңыз/орнатыңыз. Ол лездік снапшот түсіру барысында пайдаланушының тіркелгі деректері негізінде арнайы жасалады. Сіз оны жүктеп алынған zip файлынан таба аласыз. Оны «PathToVerifierTool/config» қалтасына салыңыз.

image

Конфигурация:

  • «AccountIndex»: Меркл ағышындағы Меркл жапырағының орналасқан жері;
  • «AccountIdHash» – «Жазба идентификаторы»: Binance жүйесіндегі әрбір пайдаланушының тіркелгісін анықтаңыз. Тіркелгіңізге арналған ақпаратты [Тексеру] бетінен таба аласыз.
  • «TotalEquity»: Пайдаланушы холдингінің жалпы құны (USD бойынша); Мәндер 10^16 есебімен берілген
  • «TotalDebt»: Пайдаланушы қарызының жалпы құны (USD бойынша); Мәндер 10^16 есебімен берілген
  • “TotalCollateral”: кепіл ретінде (АҚШ долларымен) орналастырылған пайдаланушы иелігіндегі активтердің жалпы құны; Мәндер 10^16 есебімен берілген
  • «Assets»: снапшоттағы пайдаланушының активтері. 2-қадамда жүктеп алынған активтер үлгісі тізіміндегі индекстерге баламалы активтерді қараңыз (Токенді индексі бойынша анықтау үшін, «Asset_List.csv» файлын қараңыз). BTTC, SHIB, LUNC, XEC, WIN, BIDR, SPELL, HOT, DOGE, PEPE, FLOKI, IDRT, BONK, DOGS, 1000SATS және NEIRO (10^2) токендерін қоспағанда, актив баланстары 10^8 мәніне тең болады.
  • «Root»: Растау жаттығуының Меркл түбірі хэші. Ол бірдей түпкі хэштерден Меркл жолы туралы ақпаратпен пайдаланушы ақпаратын тексеру үшін пайдаланылады.
  • «Proof»: пайдаланушыға тиесілі Меркл жолы.
image
image

zk-SNARKs қалай жұмыс істейтіні туралы қосымша ақпаратты мына жерден қараңыз:

Ұсыныстарыңыз болса, пікіріңізді осында жіберуіңізге болады.