Қаражатты Binance Margin платформасында қолмен немесе автоматты түрде қарызға ала аласыз. Алдымен кепіл ретінде Маржа шотыңызға активтерді аудару керек екенін ескеріңіз. Қарызға алуға болатын активтер тізімін Маржа деректері бетінен көре аласыз.
1. Binance шотыңызға кіріп, [Әмиян] – [Маржа] тармағына өтіңіз. [Қарыз алу] түймесін басыңыз немесе қарызға алу керек активтің жанындағы [Қарыз алу/Өтеу] түймесін басыңыз.
Binance қолданбасын пайдалансаңыз, [Әмияндар] – [Маржа] – [Қарыз алу] тармағын түртіңіз.
2. Қарызға алу керек активті таңдап, сомасын енгізіңіз. Жүйе кепіліңіздің болжалды BTC құнына және таңдалған активтің жеке қарыз лимиті негізінде қарыз алуға болатын максималды соманы автоматты түрде есептейді. Сондай-ақ болжамды сағат сайынғы пайызды көресіз. [Қарызға алуды растау] түймесін басыңыз.
3. Активті қарызға алғаннан кейін, Маржа шотының бақылау тақтасында әрбір монета үшін қарызға алынған соманы және жалпы қарызды көре аласыз.
Қоарыздарды өтеу жолы туралы қосымша мәліметтер алу үшін, Binance жүйесінде қарыздарды қолмен өтеу жолы бөлімін қараңыз.