MiCA талаптарына сәйкес, рұқсат етілмеген стейблкоиндар бойынша ЕЭА аумағындағы пайдаланушыларға шектеулер қойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.
Айсберг тапсырысы нарық әсерін азайту және сауда тиімділігін арттыру мақсатында тапсырыстар кітабында үлкен тапсырысты бірнеше кішігірім тапсырысқа бөледі. Жүйе біреуін толтырғаннан кейін, айсберг толғанға дейін келесі біреуін автоматты түрде толтырады.
Айсбергті лимиттік және стоп-лимит тапсырыстар үшін ғана пайдалануға болатынын ескеріңіз.
1. Binance шотыңызға кіріп, [Сауда жасау] - [Спот] тармағына өтіңіз. Айсберг тапсырыстарымен тек веб-платформадағы кеңейтілген режимде жұмыс істеуге болады. Жоғарғы оң жақтағы [Параметрлер] белгішесін басып, [Орналасу схемасы] опциясын және [Кеңейтілген] режимін таңдаңыз. BTC/USDC сияқты бір трейдинг жұбын таңдаңыз. Кейін [Лимиттік] немесе [Стоп-лимит] тапсырысын таңдаңыз.
2. [Айсберг] жанындағы ұяшыққа құсбелгіні қойып, сатып алынатын жалпы BTC сомасын енгізіңіз. Содан кейін әрбір айсберг үшін BTC сомасын енгізіңіз.
Ең көбі 10 айсберг қоя алатыныңызды ескеріңіз. Мысалы, жалпы тапсырыс сомаңыз 10 BTC болады. Демек, әрбір айсбергтің сомасы 1 BTC-ден төмен болмауы керек (10 BTC / 10 тапсырыс = 1 BTC/айсберг тапсырысы).
3. Тапсырысыңыз үшін лимиттік немесе стоп-лимит бағасын енгізіп, [Сатып алу] түймесін басыңыз. Тапсырысты растау функциясын қосқан болсаңыз, растау қалқымалы терезесіндегі [Жалғастыру] түймесін басуыңыз керек.
Нарықтағы баға қажетті лимиттік немесе стоп-лимит бағасныа жеткенде тапсырысыңыз автоматты түрде орындалады.
4. Ашық айсберг тапсырысыңызды көру үшін [Ашық тапсырыстар] тармағына төмен жылжыңыз.
Толтырылған айсберг тапсырыстарын көру үшін [Сауда журналы] қойындысына өтіңіз. Олар «Лимиттік» немесе «Стоп-лимит» тапсырыстары ретінде көрсетіледі.
1. Binance қолданбасына кіріп, [Сауда] - [Спот] тармағына өтіңіз. Трейдинг жұбын таңдаңыз, мысалы, BTC/USDT. Кейін [Лимит] немесе [Стоп-лимит] тапсырысын таңдаңыз.
2. [Айсберг] жанындағы ұяшыққа құсбелгіні қойып, сатып алынатын жалпы BTC сомасын енгізіңіз. Содан кейін әрбір айсберг үшін BTC сомасын енгізіңіз.
Ең көбі 10 айсберг қоя алатыныңызды ескеріңіз. Мысалы, жалпы тапсырыс сомаңыз 10 BTC болады. Демек, әрбір айсбергтің сомасы 1 BTC-ден төмен болмауы керек (10 BTC / 10 тапсырыс = 1 BTC/айсберг тапсырысы).
3. Тапсырысыңыз үшін лимиттік немесе стоп-лимит бағасын енгізіп, [Сатып алу] түймесін басыңыз. Тапсырысты растау функциясын қосқан болсаңыз, растау қалқымалы терезесіндегі [Растау] түймесін басуыңыз керек.
Сіздің тапсырысыңыз тапсырыстар кітабына орналастырылады. Ол лимиттік немесе стоп-лимит тапсырысының сауда ережелеріне сәйкес толтырылады.
Ескертпелер: