Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдеме: MiCA талаптарына сәйкес, рұқсат етілмеген стейблкоиндар бойынша ЕЭА аумағындағы пайдаланушыларға шектеулер қойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.
Спот саудасы криптовалюталар сияқты активтерді ағымдағы нарықтық баға (спот бағасы) бойынша сатып алудан немесе сатудан тұрады. Тапсырыс жүзеге асырылғаннан кейін актив бірден жеткізіледі. Спот трейдерлері лимиттік тапсырыстар арқылы орындалатын тапсырыс үшін нақты спот бағасын белгілей алады.
Спот сауда функциясын пайдалану үшін төмендегі қадамдарды оқыңыз, я болмаса Тапсырыс беру журналын көру немесе Тапсырыс туралы еске салғыштар орнату үшін осы беттегі «Басқа функциялар» қойындысын қараңыз.
Binance қолданбасында спот трейдингі үшін нарықтық тапсырыс немесе лимиттік тапсырыс сияқты тапсырыстың алуан түрін пайдалана аласыз. Бұл мысалда BTC сатып алу үшін лимиттік тапсырысты қолданамыз.
1. Binance қолданбасына кіріп, [Сауда] - [Спот] тармағына өтіңіз. Трейдинг жұбын, мысалы, BTC/USDC таңдаңыз.
Трейдинг жұптары – биржада бір-бірімен саудаланатын активтер. Трейдинг жұбы базалық активтен және баға ұсыну активінен тұрады. Негізгі актив сатып алатын немесе сататын жұптағы бірінші криптовалютаны білдіреді. Ұсынатын баға активі баға ұсынылатын екінші криптовалютаны білдіреді. Мысал ретінде BNB/BTC трейдинг жұбын алатын болсақ, BNB негізгі актив және BTC баға ұсыну активі болады.
2. [Сатып алу] қойындысына өтіп, [Лимит] тармағын таңдаңыз.
3. BTC сатып алғыңыз келетін бағаны, сосын тапсырыс сомасын енгізіңіз. Тапсырыс үшін балансыңыздың қанша бөлігін пайдаланғыңыз келетінін таңдау мақсатында астындағы пайыздық жолақты қолдануыңызға болады. [BTC сатып алу] түймесін басыңыз, тапсырыс беріледі.
***Әдепкі жағдайда қаражат көзіне Спот, Қаржыландыру және Earn шоттарыңыз (бар болса) жатуы мүмкін екенін ескеріңіз. Сондай-ақ [Қолж.] сілтемесін басу арқылы қаражатыңыздың көзі ретінде ең қолайлы шоттарды таңдауыңызға болады.
4. Лимиттік тапсырысыңызды [Ашық тапсырыстар] тармағынан көресіз.
Ескертпе: