Жаңа құрылғыға ауыссаңыз немесе Binance қолданбасын бұрыннан бар құрылғыдан жойсаңыз және оны қайта орнату қажет болса, Binance әмиянын қалпына келтіріп, активтеріңізге кіре алу үшін төмендегі қадамдарды орындауыңыз қажет.
1. Binance қолданбасына кіріп, [Актив] түймесін түртіңіз. [Әмиян] бөліміне өтіңіз.
2. [Әмиянды қалпына келтіру] түймесін түртіп, әмиянның сақтық көшірмесін жасауға қолданылатын әдісті таңдаңыз.
QR кодын сканерлеп, қалпына келтіру құпиясөзін енгізіңіз, сонда әмияныңыз қалпына келтіріледі. Қалпына келтіру құпиясөзі сақтық көшірме жасау процесі кезінде орнатылады, Binance жүйесі қалпына келтіру құпиясөзін сақтамайды. Қалпына келтіру құпиясөзін жоғалтып алған немесе ұмытып кеткен жағдайда, Binance оны сіз үшін қалпына келтіре алмайды.
Әмиянның сақтық көшірмесін Quick Backup әдісі арқылы жасасаңыз, қалпына келтіру құпиясөзін қажет етпей-ақ, жай ғана MFA және Liveness тексеруі қажет (ол үшін шоттағы «Өз клиентіңізді біл» ережесі (KYC) туралы ақпарат пайдаланушы мәліметтеріне сәйкес келуі керек), әмияныңыз қалпына келтіріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Binance әмияны дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді? бөлімін қараңыз