Қаражаттар көзі (SOF) және байлық көзі (SOW) дегеніміз не?
2023-10-20 03:16
Соңғы жаңартылған күні: 2024 жылдың 13 желтоқсаны
Қаражаттар көзі (SOF) және байлық көзі (SOW) дегеніміз не?
Сіздің «байлығыңыз» (Binance жүйесінің тексеруі үшін) – меншіктегі барлық активіңіздің, оның ішінде дәстүрлі қаржылық активтер мен криптовалюта ұсталымдарының шамамен алынған жалпы сомасы (фиат валютасында).
Байлық көзі (SOW) байлығыңыздың шығу деректерін, яғни активтеріңіздің көпшілігін жинау үшін жасаған әрекеттеріңізді білдіреді. Жалпы байлығыңызды жинауға айтарлықтай үлес қосқан әрекеттерді таңдаңыз.
Мысалы, байлық көзі жалақыңыз, алған мұраңыз, құрған бизнесіңіз немесе құны өскен инвестицияларыңыз болуы мүмкін.
«Қаражатыңыз» (Binance жүйесінің тексеруі үшін) Binance шотындағы барлық фиат немесе криптоактив депозиттерінің жалпы сомасы болып табылады.
Қаражаттар көзі (SOF) қаражатыңыздың шығу тегін, яғни шотыңызға салынған фиат немесе криптовалюта қаражатын жинау үшін жасаған әрекеттеріңізді білдіреді.
Binance жүйесінде депозиттерді әлі енгізбесеңіз, бірақ Қаражат көзін тексеру сұралса, болашақта депозитке салуды жоспарлап отырған қаражатты жинақтауға қолданатын әрекеттеріңізді көрсетіңіз.
Қаражат көзін кәдімгі «табысыңызбен», соның ішінде кәсібіңізден түсетін жалақы/өзін-өзі жұмыспен қамту төлемдері немесе зейнетақы, т.б. түріндегі қаражаттармен шатастырмауыңыз керек. Binance жүйесінде депозитке салынған қаражат сіздің кірісіңізден түсуі мүмкін, сондай-ақ Binance шотыңызға салған мұра немесе сақтандыру төлемдері сияқты оған қатысы жоқ басқа көздерден де келуі мүмкін.
Аудару әдісі – қаражаттың қалай және қайдан салынғанын дәлелдеу. Бұл, мысалы, Binance шотыңызға жасалған ақшалай салымдарды көрсететін банк үзінді көшірмесі немесе криптоактивтер депозитке салынған криптовалюта әмиянының мекенжайы болуы мүмкін.
Неліктен Binance биржасына қаражаттар көзі және байлық көзі үшін дәлел келтіруім керек?
Шотыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Binance заңсыз жолмен алынған кірісті заңдастыру (AML) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес (CTF) ережелерін сақтауға міндеттенеді. Нормативтік міндеттемелерді орындаудағы үздіксіз әрекеттерімізде белгілі бір жағдайларда сіздің қаражаттар көздеріне (SOF) және байлық көздеріне (SOW) қатысты қосымша ақпарат пен растайтын құжаттарды жинауымыз қажет болуы мүмкін.
Қаражаттар көзіне және/немесе байлық көзіне қатысты қабылданатын құжаттар
Жалпы ереже бойынша барлық қабылданған құжаттар:
Сіздің атыңызға ресімделуі керек: үшінші тараптың атына берілген құжаттарды ұсынатын болсаңыз, құжаттарды ұсыну негізін және үшінші тараппен қарым-қатынасыңызды түсіндіру үшін SOW/SOF бөліміндегі «Басқа (көрсету керек)» опциясын таңдаңыз.
Шынайы болыңыз: құжатты қолдан жасау әрекеттері шотыңыздың Binance жүйесінде қолданылуын тоқтатуға себеп болуы мүмкін.
Мәтін анық көрінетін, пиксель тығыздығы сәйкес (кемінде 300 DPI – дюймдегі нүктелер) болуы керек: Ақпаратты көрсету үшін құжаттың бөліктерін ерекшелемеңіз, белгілемеңіз немесе өңдемеңіз (сұралмаса). Құжат бөліктерін жасырмаңыз, себебі оқылуын қиындатады. Құжаттың қандай да бір бөлігі жасырын қалуы керек болса, «Басқа (көрсету керек)» опциясын таңдау арқылы нақты негіздеме беріңіз.
Эмитент атын/логотип мәліметтерін көрсетіңіз;
Шығарылған күнін көрсетіңіз;
Мерзімі ең жаңа құжаттарды беріңіз: құжатты мүмкіндігінше ең соңғы және сәйкес кезең (мысалы, ай, тоқсан, жыл) бойынша алу керек. Мысалы – соңғы айдағы ең соңғы жалақы; соңғы ықтимал салық жылындағы соңғы салық декларациясы; сатылған жылдағы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты.
Жарамды пішімде болуы керек: скриншоттар қабылданады, бірақ мүмкіндігінше .pdf пішіміндегі физикалық құжаттардың барлық 4 бұрышы көрінетін түпнұсқа көшірмелері немесе фотосуреттері (қиылған құжаттар қабылданбайды) қажет.
Төменде қабылданатын құжаттардың тізімі берілген, бірақ олар мұнымен шектелмейді. Егер қаржылық жағдайыңыз немесе ресурстарыңыз тізімдегі әрекеттерден өзгеше болса, «Басқа (көрсету керек)» опциясын таңдап, егжей-тегжейлі түсініктемелер беріңіз және сәйкесінше растайтын дәлелдерді жүктеп салыңыз.
Қосымша мәліметтерді көру үшін сіздегі Байлық көзі немесе Қаражат көзі түріне қарай төмендегі бөлімдерді жайыңыз. Дұрыс құжаттарды жүктеп салу растау процесін тездетуге көмектеседі.
SOF опциялары
Құжатты дәлелдемелер
Жалақы
Соңғы 3 айдағы жалақы төлеміңіз көрсетілген төлем тізімдемелері
Соңғы 3 айдағы жалақы төлемі көрсетілген банк үзінді көшірмесі
Соңғы салық декларациясы
Өзін-өзі жұмыспен қамту
Соңғы салық декларациясы
Соңғы 3 айдағы айлық кіріс төлемдерін көрсететін банк үзінді көшірмесі ЖӘНЕ бизнесті тіркеу құжаты.
Жинақтар
Салымдар жасалған уақытта жинақталған соманы және қаржыландыру транзакцияларын көрсететін жинақ шотының үзінді көшірмесі
Жинақтар қалай жасалғанын дәлелдейтін дәлелдемелер
Жәрдемақы
Жәрдемақы ЖӘНЕ жәрдемақы берушінің жеке куәлігі мәліметтерін растайтын қол қойылған хат (соңғы 3 ай ішіндегі) НЕМЕСЕ
Жәрдемақы төлемдері көрсетілген банк үзінді көшірмесі (соңғы 3 айдағы) ЖӘНЕ жәрдемақы берушінің жеке куәлік құжаты (тегтеріңіз сәйкес келсе, жеке куәлік қажет емес).
*Қомақты сомадағы жәрдемақылар (елдің орташа кірісінен жоғары) алу үшін, жәрдемақы провайдерінің Қаражаттар көзі/Байлық көзі туралы дәлелдемесін және олардың идентификаторын беріңіз.
Зейнетақы/әлеуметтік жәрдемақылар
Провайдердің (мысалы, үкімет, жұмыс беруші немесе сақтандырушы) зейнетақы/әлеуметтік төлемдер туралы анықтамасы
Зейнетақы/әлеуметтік жәрдемақы төлеушінің сомасын, кезеңділігін және мерзімін растайтын құжат
Зейнетақы/әлеуметтік төлемдер депозиттерін көрсететін банк үзінді көшірмелері
*Ескертпе: құжаттар соңғы 3 ай ішіндегі төлемдерді көрсетуі керек
Дивидендтерді төлеу/Компаниядан түскен пайда
Дивидендтерді төлеу туралы соңғы есеп/дивидендтерді бөлу туралы келісімдер
Дивидендтердің соңғы төлемін көрсететін банк үзінді көшірмесі
Дивиденд төлемдері/компанияның пайдасы туралы соңғы салық декларациясы
Дивиденд үлестірімдері егжей-тегжейлі көрсетілген соңғы тексерілген компания шоттары
*Ескертпелер:
Тұрақты емес дивиденд кезеңдері үшін дәлел Binance шотына енгізілген барлық қаражатты қамтуы керек.
Құжаттар жергілікті заңдарға сәйкес қол қойылған, мөр басылған немесе цифрлық расталған болуы керек.
Қаражаттар сіздің компанияңыздан дивидендтер шығармай заңды түрде шығарылатын болса, иеленушінің соңғы ұтысын/қаражат шығаруын немесе компания бонустарын/пайдасын таратуын растайтынбанктің үзінді көшірмелерін немесе қаржылық құжаттарды жіберуге болады.
Күндізгі сауда
Жылдық, күндік сауда пайдасын көрсететін соңғы салық декларациясы
Сертификатталған қаржылық кеңесшінің/бухгалтердің күндізгі сауда қызметін және жылдық табысты растайтын хаты
Жалпы кірісті көрсететін соңғы 1 жылдағы пайда/сауда үзінді көшірмелері ЖӘНЕ пайданы шығарып алған кездерді көрсететін мерзім бойынша банк үзінді көшірмесі
*Ескертпе: декларацияларда жеке мәліметтер мен беруші логотипі көрсетілуі керек. Шот мәліметтері көрсетілмеген транзакция тарихының скриншоттары қабылданбайды.
Құмар ойындар
Құмар ойындардан түскен жылдық пайданы көрсететін соңғы салық декларациясы
Құмар ойындар қызметін және жылдық пайданы растайтын сертификатталған қаржылық кеңесші/бухгалтер хаты
Жалпы кірісті көрсететін соңғы 1 жылдағы пайда/шығын үзінді көшірмелері ЖӘНЕ пайданы шығарып алған кездерді көрсететін мерзім бойынша банк үзінді көшірмесі
*Ескертпе: декларацияларда жеке мәліметтер мен беруші логотипі көрсетілуі керек. Шот мәліметтері көрсетілмеген транзакция тарихының скриншоттары қабылданбайды.
Пассивті кіріс
Қол қойылған жалдау/лизинг келісімі ЖӘНЕ келесілердің бірі:
Соңғы жалдау/лизинг төлемі көрсетілген банк үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Соңғы жалдау/жалға беру түбіртектері
Пассив кірісті растайтын соңғы салық декларациясы;
Соңғы айдағы пассив кірісті растайтын кез келген басқа құжат (мысалы, роялтилер, серіктестік маркетинг, стейкинг, т.б.).
Несиелер/Ипотека
Банк немесе қаржы мекемесі кредиттері:
Сома мен мәліметтер көрсетілген кредиттік келісімшарт ЖӘНЕ
Кредиттің депозиттелгенін көрсететін банк үзінді көшірмесі.
Жеке (жеке басқа қатысты) кредиттер – жеке тұлғалардан:
Кредитті растайтын аффидавиттік хат немесе шарт ЖӘНЕ
Кредиттің депозиттелгенін көрсететін банк үзінді көшірмесі.
Микроқаржы/P2P лендинг кредиттері:
Сома мен мәліметтер көрсетілген кредиттік келісімшарт,
Платформа үзінді көшірмелері ЖӘНЕ
Кредиттің депозиттелгенін көрсететін банк үзінді көшірмесі.
*Ескертпе:
Барлық құжаттар (кредит шарттарынан басқа) соңғы 3 ай ішінде берілуі керек.
Қомақты сомадағы жеке кредиттер үшін кредит берушінің Қаражаттар көзі/Байлық көзі туралы дәлелдемені және олардың жеке куәлігін көрсетіңіз.
Қаржы активтерін сату
Инвестиция провайдері берген сауда үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Сату транзакциясы түбіртектері НЕМЕСЕ
Активті сатудан түскен пайданы растайтын басқа құжаттар,
ЖӘНЕ
Саудадан түскен кірісті көрсететін банк үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Активтерді сатудан түскен пайданы көрсететін салық декларациялары.
*Ескертпе:
Құжаттар соңғы 3 ай ішінде берілуі керек (салық декларациялары қажет емес/техникалық тұрғыдан мүмкін емес кезде).
Сауда депозитке салу мерзіміне дейін немесе оның ішінде орындалуы керек.
Криптоактивтерді сату
Криптовалютаны фиатқа сату транзакцияларын көрсететін биржа немесе басқа үзінді көшірмелер НЕМЕСЕ
Криптовалютаны фиатқа сату транзакциялары туралы түбіртек немесе растама ЖӘНЕ
Криптоактивті сатудан түскен кірісті көрсететін банк үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Криптоактивті сату капиталы пайдасын көрсететін салық декларациясы
*Ескертпе:
Құжаттар соңғы 3 ай ішінде берілуі керек, ал салық құжаттары сауда жылын қамтуы керек
Сауда депозитке салу мерзіміне дейін немесе оның ішінде орындалуы керек.
Жылжымайтын мүлікті немесе басқа активтерді сату
Сату шарттары НЕМЕСЕ
Есеп айырысу/жабу есептері НЕМЕСЕ
Активтерді сату туралы егжей-тегжейлі заңгерлік/жылжымайтын мүлік маманының хаты;
ЖӘНЕ
Саудадан түскен кірісті көрсететін банк үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Сатудан түскен пайда бойынша салық туралы есеп
*Ескертпе:
Бірлескен активтерді сату бойынша – сатудың тек өзіңізге тиесілі бөлігін жариялаңыз (банк/салық үзінді көшірмесіне сәйкес)
Сауда депозитке салу мерзіміне дейін немесе оның ішінде орындалуы керек
Банк үзінді көшірмесі соңғы 3 ай ішінде берілген болуы, ал салық декларациясында/басқа құжаттарда мұра алынған жыл қамтылуы керек
Жылжымайтын мүлікті/басқа активтерді сатып алу шарттары қабылданбайды (тек сатып алу-сату шарттары қабылданады).
Мұрагерлік
Өсиет көшірмесі НЕМЕСЕ
Өсиетнаманы орындаушының/заңгердің/адвокаттың қол қойылған хаты НЕМЕСЕ
Орындаушы/әкімші ұсынған үлестіру туралы үзінді көшірме НЕМЕСЕ
Алынған мұра сомасы туралы есеп беретін салық декларациясы
ЖӘНЕ
Шотыңыздағы мұрагерлік қаражат депозитін көрсететін банк үзінді көшірмесі
*Ескертпе:
Мұрагерлік активтерді сатып, қаражатты Binance биржасына енгізген болсаңыз, растау үшін Жылжымайтын мүлікті немесе басқа активтерді сату опцияларын пайдалану керек.
Банк үзінді көшірмесі соңғы 3 ай ішінде берілген болуы, ал салық декларацияларында мұра алынған жыл қамтылуы керек.
Мұрагерлік құжаттамаларының күні депозитке салу мерзіміне дейін немесе оның ішінде болуы керек.
Сыйлықтар/қайырымдылықтар
Қайырымдылық шарты НЕМЕСЕ
Сыйлық/қайырымдылық туралы мәліметтерді және қайырымдылық жасаушының жеке куәлігін растайтын қол қойылған хат (соңғы 3 ай ішіндегі) НЕМЕСЕ
Қайырымдылық/коммерциялық емес ұйымның сыйлық/қайырымдылық туралы мәліметтер көрсетілген растау түбіртегі
ЖӘНЕ
Сыйлық/қайырымдылық депозитін көрсететін банктік үзінді көшірме.
*Ескертпе:
Қомақты сомадағы сыйлықтар/қайырымдылықтар үшін «Басқа (көрсету керек)» опциясын таңдап, қайырымдылық берушінің қаражат көзін/байлық көзін түсіндіріңіз; дәлелді және олардың жеке куәлігін бірге қосыңыз.
Сыйлықтар/қайырымдылық құжаттамасының күні депозитке салу мерзіміне дейін немесе оның ішінде болуы керек.
Тең деңгейлі (P2P) сауда
Күндерді, актив түрлерін және транзакциялар сомасын көрсететін шоттың үзінді көшірмелері және сауда тарихы ЖӘНЕ
Пайдаланылған P2P платформаларынан алынған депозит және қаражат шығару жазбалары ЖӘНЕ
Контрагенттің P2P депозиттерін көрсететін банк үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Тең деңгейлі (P2P) саудадан түскен пайданы көрсететін салық декларациясы ЖӘНЕ
Сауда капиталының пайда болуын растайтын құжаттар
*Ескертпе:
Құжаттар (салық декларацияларынан басқа) 3 ай ішінде берілуі және кем дегенде 1 жылды қамтуы керек.
Растауды жеңілдету үшін бізге құжаттама/Тең деңгейлі (P2P) тараптарымен жүргізген қатынас хаттарын жіберу арқылы өз ісіңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Активтерді сатып алу және сату саудасы
Күндері, актив түрлері және транзакциялар сомасы көрсетілген активтерді сатып алу және сату саудасын орындау үшін пайдаланылатын барлық платформалардағы шоттар бойынша үзінді көшірмелер және сауда тарихы. ЖӘНЕ
Пайдаланылатын активтерді сатып алу және сату платформаларынан алынған депозит және қаражат шығару жазбалары
ЖӘНЕ
Активтерді сатып алу және сатуға қатысты депозиттерді көрсететін банк үзінді көшірмесі НЕМЕСЕ
Активтерді сатып алу және сатудан түскен пайданы көрсететін салық декларациясы ЖӘНЕ
Активтерді сатып алу және сату сауда капиталының көзін растайтын ілеспе құжаттар.
*Ескертпе: құжаттар (салық декларацияларынан басқа) 3 ай ішінде берілуі және кем дегенде 1 жылды қамтуы керек.
Сертификатталған кәсіпқой маманның ресми растауы
Заңгер, есепші, қаржы кеңесшісі, салық маманы сияқты сертификатталған кәсіби маманнан алынған қаражаттың шығу деректерін және мөлшерін растайтын шотыңыздағы барлық депозитке салынған қаражаттың көзін растау құжаты.
*Ескертпе: құжаттарда куәландырушының аты-жөні, мекенжайы, лауазымы, тізілім нөмірлері, басқа да деректемелері көрсетілуі ЖӘНЕ оған жергілікті заңнамаға сәйкес қол қойылуы және/немесе мөр басылуы тиіс.
Басқа (көрсету керек)
Қаражаттың шығу көзін растау үшін пайдалануға болатын тиісті құжаттаманың кез келген түрі (түсініктемелерге сәйкес)
Байлық көзі (SOW) опциялары
Құжатты дәлелдемелер
Жалақы
Соңғы 3 айдағы жалақы төлеміңіз көрсетілген төлем тізімдемелері
Соңғы 3 айдағы жалақы төлемі көрсетілген банк үзінді көшірмесі
Соңғы салық декларациясы
Өзін-өзі жұмыспен қамту
Соңғы салық декларациясы
Соңғы 3 айдағы айлық кіріс төлемдерін көрсететін банк үзінді көшірмесі ЖӘНЕ бизнесті тіркеу құжаты.
Зейнетақы/әлеуметтік жәрдемақылар
Провайдердің (мысалы, үкімет, жұмыс беруші немесе сақтандырушы) зейнетақы/әлеуметтік төлемдер туралы анықтамасы
Зейнетақы/әлеуметтік жәрдемақы төлеушінің сомасын, кезеңділігін және мерзімін растайтын құжат
Зейнетақы/әлеуметтік төлемдер депозиттерін көрсететін банк үзінді көшірмелері
*Ескертпе: құжаттар соңғы 3 ай ішіндегі төлемдерді көрсетуі керек.
Компанияның меншік құқығы
Соңғы акцияларға иелік ету туралы құжаттар
ЖӘНЕ
Соңғы тексерілген компания қаржысы НЕМЕСЕ
Бизнесті бағалаудың ресми есебі (өткен жылдан бастап) НЕМЕСЕ
Соңғы салық декларациясы – компанияның құнын көрсететін компания немесе жеке салық декларациясы
Дивиденд төлемдері/компанияның пайдасы
Дивидендтерді төлеу туралы соңғы есеп/дивидендтерді бөлу туралы келісімдер
Дивидендтердің соңғы төлемін көрсететін банк үзінді көшірмесі
Дивиденд төлемдері/компанияның пайдасы туралы соңғы салық декларациясы
Дивиденд үлестірімдері егжей-тегжейлі көрсетілген соңғы тексерілген компания шоттары
*Ескертпе:
Тұрақты емес дивиденд кезеңдері үшін дәлел Binance шотына енгізілген барлық қаражатты қамтуы керек.
Құжаттар жергілікті заңдарға сәйкес қол қойылған, мөр басылған немесе цифрлық расталған болуы керек
Қаражаттар сіздің компанияңыздан дивидендтер шығармай заңды түрде шығарылатын болса, иеленушінің соңғы ұтысын/қаражат шығаруын немесе компания бонустарын/пайдасын таратуын растайтын банктің үзінді көшірмелерін немесе қаржылық құжаттарды жібере аласыз.
Жинақтар
Жалпы жинақталған соманы және қаржылық транзакцияларды көрсететін жинақ шоты бойынша үзінді көшірме
Жинақтар қалай жасалғанын дәлелдейтін дәлелдемелер
Мұрагерлік
Өсиет көшірмесі НЕМЕСЕ
Өсиетнаманы орындаушының/заңгердің/адвокаттың қол қойылған хаты НЕМЕСЕ
Орындаушы/әкімші ұсынған үлестіру туралы үзінді көшірме НЕМЕСЕ
Алынған мұра сомасы туралы есеп беретін салық декларациясы
Мұраға алған қаражаттардың немесе активтердің депозитін көрсететін банк үзінді көшірмелері (банк шотындағы мұраға алған қаражаттар үшін)
*Ескертпе:
Егер сіз мұраланған активтерді сатып, оның орнына фиат қаражаты болса, «Жинақ» опциясын қолдануыңыз керек.
Банк үзінді көшірмесі соңғы 3 ай ішінде берілген болуы, ал салық декларацияларында мұра алынған жыл қамтылуы керек.
Сыйлықтар/қайырымдылықтар
Қайырымдылық шарты НЕМЕСЕ
Сыйлық/қайырымдылық туралы мәліметтерді және қайырымдылық жасаушының жеке куәлігін растайтын қол қойылған хат (соңғы 3 ай ішіндегі) НЕМЕСЕ
Қайырымдылық/коммерциялық емес ұйымның сыйлық/қайырымдылық туралы мәліметтер көрсетілген растау түбіртегі,
ЖӘНЕ
Сыйлық/қайырымдылық депозитін көрсететін банк үзінді көшірмесі.
*Ескертпе:
Табыс көзі жәрдемақы болса, «Жәрдемақы» опциясын таңдаңыз.
Егер сіз сыйлыққа алған/қайырымдылық түрінде алған активтерді сатсаңыз және оның орнына фиат қаражаттарды ұстасаңыз, «Жинақ» опциясын таңдаңыз.
Қомақты сомадағы сыйлықтар/қайырымдылықтар үшін жәрдемақы донаторының Қаражаттар көзі/Байлық көзі туралы дәлелдемесін және олардың идентификаторын көрсетіңіз.
Күні бойғы сауда
Жылдық, күндік сауда пайдасын көрсететін соңғы салық декларациясы
Сертификатталған қаржылық кеңесшінің/бухгалтердің күндізгі сауда қызметін және жылдық табысты растайтын хаты
Жалпы кірісті көрсететін соңғы 1 жылдағы пайда/сауда үзінді көшірмелері ЖӘНЕ пайданы шығарып алған кездерді көрсететін мерзім бойынша банк үзінді көшірмесі
*Ескертпе:
Декларацияларда жеке мәліметтер мен беруші логотипі көрсетілуі керек.
Есептік жазба мәліметтері көрсетілмеген транзакция тарихының скриншоттары қабылданбайды.
Жәрдемақы
Жәрдемақы ЖӘНЕ жәрдемақы берушінің жеке куәлігі мәліметтерін растайтын қол қойылған хат (соңғы 3 ай ішіндегі) НЕМЕСЕ
Жәрдемақы төлемдерін көрсететін банк үзінді көшірмесі (соңғы 3 айдағы) ЖӘНЕ жәрдемақы берушінің жеке куәлігі (тегтеріңіз сәйкес келсе, жеке куәлік қажет емес).
*Ескертпе: қомақты сомадағы жәрдемақылар (елдің орташа кірісінен жоғары) алу үшін, жәрдемақы провайдерінің Қаражаттар көзі/Байлық көзі туралы дәлелдемесін және олардың идентификаторын беріңіз.
Ипотекалар/кредиттер
Банктің немесе қаржылық мекеменің ипотекасы/кредиттері:
Сома мен мәліметтер көрсетілген ипотека/кредит туралы келісімшарт ЖӘНЕ
Несиелер үшін шотқа кредит енгізуді көрсететін банк үзінді көшірмесі
Жеке (жеке басқа қатысты) кредиттер – жеке тұлғалардан:
Кредитті растайтын аффидавиттік хат немесе шарт ЖӘНЕ
Кредиттің депозиттелгенін көрсететін банк үзінді көшірмесі
Микроқаржы/P2P лендинг кредиттері:
Сома мен мәліметтер көрсетілген кредиттік келісімшарт ЖӘНЕ
Платформа үзінді көшірмелері ЖӘНЕ
Кредиттің депозиттелгенін көрсететін банк үзінді көшірмесі
*Ескертпе:
Барлық құжаттар (ипотека/кредит шарттарынан басқа) соңғы 3 ай ішінде берілуі керек.
Қомақты сомадағы жеке кредиттер үшін кредит берушінің Қаражаттар көзі/Байлық көзі туралы дәлелдемені және олардың жеке куәлігін көрсетіңіз.
Жылжымайтын мүлік
Меншік туралы куәліктер/құқық белгілеуші құжаттар
Сатып алу келісімшарттары
Соңғы бағалау есебі
Мүліктің құнын көрсететін салық декларациясы
*Ескертпе: жылжымайтын мүліктерді сату туралы құжаттар қабылданбайды. Ол сатылған болса, «Байлық көзі (SOW) – Жинақ» тармағын таңдаңыз.
Қаржылық инвестиция
Инвестициялық шоттың үзінді көшірмелері
Портфельді бағалау туралы есептер
Облигация/бағалы қағаздар туралы сертификаттар
Акция сертификаттары немесе оған иелік ету туралы құжаттар
Салық декларациясы
Инвестициялық салымдарыңызды растайтын басқа да құжаттар
*Ескертпе: барлық құжаттар жалпы алғанда соңғы 3 айда берілген болуы керек. Салық декларациясы соңғы салықтық жылды қамтуы керек.
Криптовалюта инвестициялары
Активтер мен жеке мәліметтерді көрсететін криптовалюталық активтер платформасының немесе биржалардағы шоттың үзінді көшірмелері,
ЖӘНЕ
Криптовалютамен жасалған әртүрлі әрекеттердің құжаттамасы (мысалы, ICO, стейкинг, DeFi), активтерді және жеке мәліметтерді көрсету НЕМЕСЕ
Криптовалюта активтерін немесе криптовалюта пайдаларына салықты көрсететін салық декларациясы НЕМЕСЕ
Криптовалюта инвестицияларын және оның пайдаларын түсіндіретін сертификатталған қаржылық кеңесші, есепші немесе салық маманының жазбаша растауы.
*Ескертпе: криптовалютаны фиатқа сату құжаттары үшін «Жинақтар» тармағын таңдаңыз.
Сертификатталған кәсіпқой маманның ресми растауы
Заңгер, есепші, қаржы кеңесшісі, салық маманы сияқты сертификатталған кәсіби маманнан алынған сіздің қаражат көзіңіз бен мөлшерін растайтын қаражаттың көзін растау құжаты.
*Ескертпе: құжаттарда куәландырушының аты-жөні, мекенжайы, лауазымы, тізілім нөмірлері, басқа да деректемелері көрсетілуі ЖӘНЕ оған жергілікті заңнамаға сәйкес қол қойылуы және/немесе мөр басылуы тиіс.
Басқа (түсіндіріңіз)
Қаражаттың шығу көзін растау үшін пайдалануға болатын тиісті құжаттаманың кез келген түрі (түсініктемелерге сәйкес).
Қаражаттар көзіне және/немесе байлық көзіне қатысты қабылданбайтын құжаттар
Бұларға әдетте сіз мәлімдеген ақпаратқа сәйкес келмейтін немесе байлығыңыз бен қаражатыңыздың шығу деректерін көрсетпейтін құжаттар жатады. Ол жеке тәртіпте қаралады және қажет болған жағдайда командамыз кез келген түсініктеме алу үшін сізге хабарласады немесе сізден балама құжаттарды ұсынуды сұрайды.
Сыйақылар алу үшін тіркеліңіз
Қазір тіркеліңіз – 100 USDT дейін сауда алымына жеңілдік алыңыз (расталған пайдаланушылар үшін)