1. Binance шотыңызға кіріп, [Әмиян] – [Фиат және спот] – [Депозит] тармағына өтіңіз.
2. [Валюта] тізімінен [KZT] валютасын таңдаңыз да, [Банк картасы (Mastercard)] арқылы депозитке салуды таңдаңыз. [Жалғастыру] түймесін басыңыз.
3. Binance шотыңыз үшін Жеке басты растау процесінен өтпеген болсаңыз, осы қадамда мұны істеу сұралады.
4. Бұрын мұны істемеген болсаңыз, жаңа карта қосуыңыз қажет. Бұл қызметті тек Қазақстандағы тұтынушылар пайдалана алатынын есте сақтаңыз. 5 картаға дейін қосып, басқаруға болады.
5. Қалаған депозит сомасын енгізіңіз, сонда транзакция алымы (тиісті болса) көрсетіледі. [Жалғастыру] түймесін басыңыз.
6. Одан кейін транзакцияны өңдеу және кез келген қажет растауды орындау үшін сіз банктің веб-сайтына қайта бағытталасыз. Шот иесінің аты-жөні Binance шотыңызда тіркелген атқа сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
7. Депозитке салу тапсырысыңыз жіберілгеннен кейін, сабыр сақтап, тапсырысыңыз өңделгенін күтіңіз. Тапсырыс күйін тексеру үшін [Журналды көру] түймесін басуға болады.
8. Әдетте тапсырысыңыз 90 секунд ішінде өңделеді. Егер қаражатыңыз келмесе, [Шағым беру] түймесін басыңыз.
Депозитке салу транзакцияңыз қабылданбаса, банк шотыңыздағы баланс тапсырысты жабуға жеткілікті екенін және қажет болған жағдайда көпфакторлы аутентификацияны (КФА) орындағаныңызды тексеріңіз.