Binance Pay жүйесіндегі Ончейн жіберу функциясы криптовалютаны Binance қолдайтын желілер арқылы тікелей ончейн әмиян мекенжайына жіберуге мүмкіндік береді.
Ескертпе: Binance қолданбасының соңғы нұсқаға жаңартылғанын тексеріңіз.
1. Binance қолданбаңызға кіріп, [Төлеу] – [Ончейн жіберу] тармағына өтіңіз. Не болмаса алушының ончейн әмиянының QR кодын сканерлеу үшін [Төлеу] бөліміне өтіп, [Камера белгішесі] түймесін түртіңіз.
2. Жіберу керек криптовалютаны таңдаңыз.
3. Әмиян мекенжайын енгізіп, желіні таңдаңыз.
Желіні мұқият таңдап, таңдалған желінің қаражатты жіберіп жатқан платформа желісімен бірдей екеніне көз жеткізіңіз. Басқа желіні таңдасаңыз, қаражатыңыз жоғалып, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Желіні қалай таңдауға болады?
BEP2 немесе EOS сияқты белгілі бір желілер үшін аударым жасау кезінде MEMO толтыру керек, әйтпесе мекенжайыңыз анықталмайды.
4. Жіберу керек соманы енгізіңіз. Жүйе сәйкес транзакция алымын және алушы алатын соңғы соманы көрсетеді. Жалғастыру үшін [Жалғастыру] түймесін басыңыз.
5. Төлеу экранынан төлем мәліметтерін қарап шығыңыз. Спот немесе қаржыландыру шотыңыздағы қаражаттар арқылы төлеу немесе қолжетімді баланс тіркесімін пайдалану опциясын таңдауға болады.
Жалғастырмас бұрын келесі мәліметтерді мұқият қарап шығыңыз:
Барлық ақпараттың дұрыстығын растағаннан кейін төлемді жалғастыру үшін [Жалғастыру] түймесін түртіңіз.
6. 2 факторлы аутентификация көмегімен транзакцияны растаңыз. Төлем аяқталғаннан кейін электрондық хат аласыз.
Транзакция күйін көру үшін [Мәліметтерді көру] түймесін түртіңіз.