Binance Tax арқылы салық есептерін жасау жолы

2023-02-06 08:10

Binance Tax – криптовалюталық салық міндеттемелерін есептеуге көмектесетін жаңа және тегін өнім. Binance Tax құралында транзакцияларды көруге және өңдеуге әрі 2022 салықтық жылы үшін салық есебін жасауға болады.

Binance Tax құралын қолдану пайдаланушыларға міндеттелмейді. Бұл – жай ғана ақша еркіндігінің құлпын ашу үшін пайдалануға болатын құрал. Binance Tax құралын Binance платформасында орындалған саудаларға қатысты салықтық міндеттемелеріңізді есептеу үшін пайдалана аласыз. Binance Tax болашақта басқа блокчейндерді, биржаларды және әмияндарды қамтиды.

Binance Tax – бухгалтерлік есеп тәжірибелеріңізді қолдауға арналған құрал және салық қызметітеріне арналған толық шешім емес екенін ескеріңіз. Кез келген елге тән ережелер, толықтырулар немесе алып тастаулар сіздің есебіңізде дұрыс қолданылатынына көз жеткізу үшін салық маманымен жұмыс істеуді ұсынамыз.

Binance Tax құралын қалай орнатуға болады?

1. Binance Tax құралы веб-бетіне кіріңіз. [Бастау] түймесін басып, Binance аккаунтыңызға кіріңіз. 

image

2. Құралға бірінші рет кіріп жатсаңыз, сізге салық юрисдикциясын және шығындар базасы әдісін таңдау ұсынылады. Қажетті ақпарат әр елде әртүрлі болуы мүмкін. Сақтау үшін [Растау] түймесін басыңыз. 

Бұл параметрлерді кейінірек [Профиль] - [Аккаунт параметрлері] тармағында өңдеуге болады.

image

Binance транзакцияларымды қалай көруге болады?

Binance Tax транзакцияларыңызды құралға импорттай бастайды. Бұған әдетте бірнеше сағат кетеді, бірақ транзакциялар көлемі жоғары болса, ұзағырақ болуы мүмкін. Импортталғаннан кейін сізге электрондық пошта арқылы хабарланады.

Транзакциялар импортталғаннан кейін салық құралында барлық Binance транзакцияларын көресіз. Транзакцияларды санат, валюта және күн бойынша сүзуге болады. Транзакцияны өңдеуге немесе елемеуге немесе жаңа транзакцияны қолмен қосуға болады.

image

Салық есебін қалай жасауға және жүктеп алуға болады?

1. Жоғарғы жақта [Салық есептері] түймесін басыңыз.

image

2. Төменде сіз салық есептеріне шолуды, капитал өсімі мен кіріс өсімінің қысқаша мазмұнын және транзакциялар тарихын көресіз. Жасағыңыз келетін есеп түрінің астында [Жасау] түймесін басыңыз.

Салық юрисдикцияңызға байланысты Капитал өсімі мен кіріс өсімі туралы есепте тұрғылықты еліңіздегі салықты есептеудің арнайы ережелері қамтылмауы мүмкін. Сондай-ақ бұндай жағдайда, Binance Tax құралын пайдалану барысында сізге хабарландыру келеді. Салық есептерін тапсыру алдында тәуелсіз салық маманымен табыстар/шығындар есептеулерін тексеру керек.

image

3. Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдемені оқып, келісіңіз және [Жасау] түймесін басыңыз.

image

4. Сұрауыңыз өңделеді және ол дайын болған кезде сізге хабарланады. 

image

5. Есепті жүктеп алу үшін [Журналды экспорттау] түймесін басыңыз.

image

6. Сіз қолжетімді есептердің тізімін көресіз. Жүктеп алғыңыз келетін есептің жанында [Жүктеп алу] түймесін басыңыз, сонда CSV файлы компьютеріңізге сақталады.

image

Транзакцияны қалай өңдеуге, елемеуге немесе қосуға болады?

Транзакцияны өңдеу 

1. Өңдегіңіз келетін транзакцияның жанында [Өңдеу] түймесін басыңыз.

image

2. Сіз транзакцияның белгілі бір мәліметтерін ғана өңдей аласыз. Мысалы, сатып алу транзакциясы үшін алым сомасын, алымның таза құнын және түсініктемені ғана өңдей аласыз. 

Өзгерістерді сақтау үшін [Растау] түймесін басыңыз.

image

3. Транзакция өңделгеннен кейін, сізге хабарландыру келеді. Транзакцияны өңдегеннен кейін салықтарыңызды қайта есептеуге болатынын ескеріңіз.

image

Транзакцияны елемеу

Егер транзакцияны салық есебін есептеуге қосқыңыз келмесе, оны елемеуіңізге болады. Транзакцияны елемеуден кейін салықтарыңыз қайта есептелетінін ескеріңіз.

1. Транзакцияның жанында [...] түймесін басып, [Транзакцияны елемеу] түймесін басыңыз.

image

2. Қалқымалы терезеде [Растау] түймесін басыңыз.

image

3. Еленбеген транзакция сызылады және сұр түсті болады. Еленбеген транзакцияны өңдей алмайтыныңызды ескеріңіз.

Егер транзакцияны қайта қосқыңыз келсе, [...] - [Транзакцияны қосу] түймесін басыңыз.

image

Транзакция қосу

Сондай-ақ Binance Tax құралына Binance биржасынан тыс жүргізілген транзакцияларды қосуға болады. 

1. [+ Транзакция қосу] түймесін басыңыз. 

image

2. Транзакция түрін таңдаңыз (сатып алу, сату, сауда жасау, жіберу, айырбастау, аудару, құн, депозиттеу, шығару). Содан кейін транзакцияның күні мен уақытын таңдап, мәліметтерді енгізіңіз. Сіз өзіңіздің анықтамаңыз үшін түсініктеме қоса аласыз. [Растау] түймесін басыңыз. 

image

3. Транзакция сәтті қосылғаннан кейін, сізге хабарландыру келеді.

image

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Binance Tax қазіргі уақытта қандай транзакцияларды орындауға болады?

Қазіргі уақытта Binance Tax құралы Binance платформасында 100 000-ға дейін транзакция орындауға болады. Болашақта сіз Binance Tax құралына басқа әмияндар мен блокчейндерден транзакцияларды импорттай аласыз.

2. Капиталдың өсімі мен кіріс өсімі туралы есептер не үшін пайдаланылады?

Капитал өсімі туралы есепте капитал өсіміне немесе оны жоғалтуға әкелген есептік жылдың барысында Binance биржасындағы барлық саудаңыз бен транзакцияңыздың (мысалы, криптовалютаңызды фиаттық валютаға айырбастау) жиынтық мәліметтері беріледі. Binance Tax қазіргі уақытта фьючерстер және NFT-лер сияқты белгілі бір Binance өнімдеріне қатысты транзакцияларды қолдамайтынын ескеріңіз. Бұл транзакцияларды қолмен қосуға немесе оларды салық есебінде басқа жерден алуға болады.

Кіріс өсімі туралы есепте есептік жыл барысында кірісіңізді арттыратын барлық транзакция, мысалы, эйрдроптар, стейкинг, майнинг, т.б. туралы жиынтық мәліметтер беріледі.

3. Мен қанша есеп жасай аламын?

Сіз жасай алатын есептер санына шектеу жоқ. Қазіргі уақытта әрбір пайдаланушы 2022 салық жылында капиталдың өсімі туралы есепті, кіріс өсімі туралы есепті жасай алады немесе 2022 жылғы барлық транзакциясы туралы есепті жасай алады. Егер транзакцияны өңдеуді немесе жаңа транзакцияны қолмен қосуды шешсеңіз, салықтық міндеттемеңіз қайта есептелуі мүмкін болғандықтан, кез келген уақытта жаңа есеп сұрай аласыз.

Криптовалюталық салықты есептеу туралы қосымша мәліметтер алу үшін мына Академия мақаласын қараңыз.

Қазір тіркеліңіз – 100 USDT дейін сауда алымына жеңілдік алыңыз (расталған пайдаланушылар үшін)

Қатысты мақалалар