Жылулық карта Binance спот нарығындағы нарықтық капитализация және трейдинг көлемі бойынша үздік 30 криптовалютаны көрсетеді. Ол көтеріліп немесе төмендеп жатқан трендтерді көрсету үшін нақты уақыттағы деректерді блоктар түрінде көрсетеді.
Жылулық карта трейдерлерге криптовалютаның Binance спот нарығындағы көрсеткіштерін трейдинг көлемінің және нарықтық капитализация өзгерістері тұрғысынан жылдам талдауға мүмкіндік береді. Binance спот нарығында жылулық картаның екі түрі бар: трейдинг көлемінің жылулық картасы және нарықтық капиталдандың жылулық картасы.
Сіз жылулық картада нақты криптовалютаның баға қозғалысын жылдам көре аласыз. Әртүрлі түстер роллинг 24 сағаттық негізде әртүрлі баға қозғалыстарын көрсетеді. Әдепкіде жасыл түс монетаның бағасы көтеріліп жатқанын, ал қызыл түс ол төмендеп жатқанын көрсетеді. Сұр түс оның тұрақты болғанын көрсетеді. Сондай-ақ түстің әртүрлі реңктері сізге монетаның бағасы соңғы 24 сағатта қалай өзгергені туралы пайдалы мәліметтер береді:
Блоктардың өлшемдері әртүрлі екенін байқауыңыз мүмкін. Трейдинг көлемінің жылулық картасында монетаның Binance спот нарығындағы трейдинг көлемі неғұрлым жоғарырақ болса, оның блогы соғұрлым үлкенірек болады. Осы сияқты, нарықтық капиталдану жылулық картасында монетаның нарықтық капиталдануы неғұрлым жоғарырақ болса, оның блогы соғұрлым үлкенірек болады.
Бұған қоса, блокта нақты монетаның Binance спот нарықтық деректерін таба аласыз, соның ішніде
Монета туралы қосымша ақпаратты, мысалы, оның трейдинг көлемін және нарықтық капиталдануын көру үшін оның блогына меңзерді апарыңыз. Блокты бассаңыз, сіз монетаның сауда бетіне қайта бағытталасыз.
1. Binance шотыңызға кіріп, [Сауда] – [Спот] тармағына өтіңіз.
2. [Параметрлер] тармағын басыңыз. [Кеңейтілген] тармағын таңдап, [Жылулық карта] параметрінің жанындағы түймені қосулы күйіне ауыстырыңыз.
3. Сауда интерфейсінде төмен қарай айналдырсаңыз, жылулық картаны көресіз.
4. [Трейдинг көлемі] және [Нарықтық капитализация] жылулық карталары арасында ауысу үшін жылулық картаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы көрсеткіні басыңыз.