Сауда
Қосымша

Binance Earn Жеңілдікпен сатып алу өнімін таныстырады

2025-07-29 08:00 жарияланды

Бұл – жалпы хабарландыру. Мұнда айтылған өнімдер мен қызметтер аймағыңызда қолжетімсіз болуы мүмкін. Шарттар мен талаптары бар. 

Binance пайдаланушылары,

Binance Earn Жеңілдікпен сатып алу өнімін таныстыруға өте қуанышты, ол тәжірибелі пайдаланушыларға жазылу кезіндегі нарықтағы бағадан төмен бағада криптовалюта сатып алуға немесе нарықтың қозғалысына байланысты бекітілген ЖПМ сыйақыларын алуға мүмкіндік беретін жоғары табысты өнім. 

Жеңілдікпен сатып алу – бұл нарықтағы құбылмалылық төмен кезде криптовалюта (мысалы, BTC, ETH) жинауды қалайтын пайдаланушыларға арналған тиімді құрал. Ол мақсатты кіру бағасын автоматты түрде орнатуға және ықтимал сыйақылар алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар нарықты үнемі бақылаудың қажеті болмайды.

Ол қалай жұмыс істейді?

Жеңілдікпен сатып алу өніміне жазылу кезінде пайдаланушылар Мақсатты сатып алу бағасы, Демпинг бағасы, ЖПМ және Есеп айырысу күні сияқты негізгі параметрлерді таңдауы керек.

Есеп айырысу кезінде, Есеп айырысу бағасына байланысты үш нәтиженің бірі орын алады:

1-жағдай: 100% негізгі сатып алулар 

  • Есеп айырысу бағасы ≤ Мақсатты сатып бағасы болса, криптовалютаны инвестицияңыздың 100%-ымен Мақсатты сатып алу бағасы бойынша сатып аласыз 

2-жағдай: 50% негізгі сатып алулар 

  • Егер Мақсатты сатып алу бағасы < Есеп айырысу бағасы < Демпинг бағасы болса, криптовалютаны инвестицияңыздың 50%-ымен Мақсатты сатып алу бағасы бойынша сатып аласыз

3-жағдай: сатып алу жоқ, Демпинг ЖПМ сыйақыларын алу

  • Есеп айырысу бағасы ≥ Демпинг бағасы болса, Инвестицияңызды ЖПК сыйақыларымен бірге толық кері аласыз

Толығырақ ақпарат алу үшін мына блогты қараңыз: Binance жеңілдікпен сатып алу – Криптовалютаны Нарықтағы бағадан төмен бағамен сатып алу немесе Сыйақылар алу жолдары

Науқан: Криптовалюта сатып алу бойынша қосымша 10% жеңілдік алуға жазылу

Науқан кезеңі: 29.07.2025 ж. сағ. 08:00 (UTC) – 12.08.2025 ж. сағ. 23:59 (UTC)

Жеңілдікпен сатып алу өнімінің іске қосылуын атап өту үшін Binance Earn арнайы науқан ұсынып отыр. Науқан кезеңінде іс-шаралар бетінде тіркеліп, Жеңілдікпен сатып алу өніміне жазылған қатысуға құқылы пайдаланушылар криптовалютаны сәтті сатып алған кезде өз таңдаған жеңілдік мөлшерлемесіне қосымша 10% жеңілдік алады.

12.08.2025 23:59 (UTC) уақытына дейін есеп айырысу күнімен және жиынтық көлемі 10 USDT мен 3000 USDT аралығында болатын жазылулар осы сыйақыға қатыса алады.

Науқан сыйақысын есептеу:

Мысалы, пайдаланушы 600 USDT сомасына BTC/USDT жеңілдікпен сатып алуға жазылды. Жазылу кезінде нарықтағы баға 120 000 долларды құрайды. Пайдаланушы мақсатты сатып алу бағасы 114 000 доллар болатын өнімді таңдайды, ал 120 000 дболларға сатып алу кезінде 5% жеңілдік алады. Есеп айырысу күнінде, 

  • 1-жағдай: 100% негізгі сатып алулар

    • Есеп айырысу бағасы ≤ 114 000 доллар болса, пайдаланушы криптовалютаны 600 USDT сомасына сатып алып, науқан сыйақысын ұтып ала алады.

    • Қосымша жеңілдік мөлшерлемесі 5% * 10% = 0,5% құрайды. Сондықтан науқан сыйақысы = тиімді сатып алу сомасы * 0,5% = 600 USDT * 0,5% = 3 USDT.

  • 2-жағдай: 50% негізгі сатып алулар

    • 114 000 доллар < Есеп айырысу бағасы < Демпинг бағасы болса, пайдаланушы криптовалютаны 300 USDT(= 600 USDT * 50%) сомасына сатып алады және науқан сыйақысына ие бола алады.

    • Науқан сыйақысы = USDT түрінде тиімді сатып алу сомасы * 0,5% = 300 * 0,5% = 1,5 USDT.

  • 3-жағдай: сатып алу жоқ және Демпинг ЖПМ сыйақыларын алу

    • Есеп айырысу бағасы ≥ Демпинг бағасы болса, пайдаланушы 600 USDT мен ЖПМ сыйақыларын алады. Бұл жағдайда науқан сыйақысы қолданылмайды, себебі криптовалюта сатып алынбаған.

Жеңілдікпен сатып алу өніміне жазылу жолы

  1. Binance шотыңызға кіріңіз.

  2. Қолданбаны пайдаланып жатсаңыз, [Жеңілдікпен сатып алу] белгішесін түртіңіз. Егер веб-сайтта болсаңыз, [Earn] > [Advanced Earn] > [Жеңілдікпен сатып алу] тармағына өтіңіз.

  3. Әрқайсысында алдын ала белгіленген Мақсатты сатып алу бағасы, Демпинг бағасы, ЖПМ және Есеп айырысу күні көрсетілген қолжетімді өнім опцияларының ішінен таңдаңыз.

  4. Жазылым сомасын енгізіңіз.

  5. Жеңілдікпен сатып алу өніміне бірінші рет жазылсаңыз, сізден квизді орындау сұралады. 

  6. Жазылмас бұрын Шарттар мен талаптарды мұқият оқып шығыңыз және жазылымнан кейін есеп айырысуға дейін оны өзгертуге, жоюға немесе кері қайтарып алуға болмайтынын растап, келісіңіз.

  7. Сәтті жазылғаннан кейін, [Тапсырыстар] > [Табыс тарихы] > [Жеңілдікпен сатып алу] тармағына өту арқылы жазылымыңызды көре аласыз.

Қазір жазылыңыз!

Қосымша ресурстар:

Шарттар мен талаптар:

  • Осы шарттар мен талаптар («Іс-шара шарттары») пайдаланушылардың жоғарыда аталған іс-шараға («Іс-шара») қатысуын реттейді. Осы Іс-шараға қатыса отырып, пайдаланушылар осы Іс-шара шарттарымен, сондай-ақ келесі қосымша шарттармен келіседі: (a) Жүлделі науқандарға арналған Binance шарттары мен талаптары; (ә) Binance пайдалану шарттары; және (б) Binance құпиялылық туралы ескертпесі.

  • ; олардың барлығы осы шарттар мен талаптарға сілтеме арқылы енгізілген. 

  • Осы Іс-шара шарттары мен басқа енгізілген шарттар арасында сәйкессіздіктер немесе қайшылықтар болған жағдайда, осы Іс-шара шарттары басымдыққа ие болады, одан кейінгі басымдық тәртібі мен осындай қайшылық дәрежесі мынадай: (a) Жүлделік науқандарға арналған Binance шарттары мен талаптары; (b) Binance пайдалану шарттары және (c) Binance құпиялық туралы ескертуі.

  • Науқан кезінде жеке басын растауды аяқтаған және Іс-шара бетіндегі [Қазір тіркелу] түймесін басқан пайдаланушылар ғана Науқанда сыйақылар алу құқығына ие бола алады. Жоғарыда аталған өнімдер немесе мүмкіндіктер аймағыңызда болмауы мүмкін. Пайдаланушылар Binance қызметтеріне қол жеткізу және оларды пайдалану бойынша әр елде қолданылатын кез келген шектеулер және/немесе талаптармен танысу және оларды сақтау үшін өздері жауап береді.

  • Қосалқы шоттар жеке қатысушы ретінде қарастырылмайды

  • Жеңілдікпен сатып алу өніміне жазылғаннан кейін пайдаланушылар жазылымнан бас тарта алмайды немесе активтерін мерзімінен бұрын жұмсай алмайды.

  • Сыйақылар Науқан аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде шарттарға сай пайдаланушылар үшін Токен ваучерлері түрінде таратылады. 

  • Егер шот қандай да бір адал емес әрекетке (мысалы, жалған трейдинг, шоттарды заңсыз түрде тіркеу/кіру, өзін-өзі сату немесе нарықты манипуляциялау) қатысты болса, Binance биржасы пайдаланушыны сыйақы алу құқығынан айыруға құқылы. Binance компаниясы Binance бағдарлама кодына араласатын немесе Binance бағдарлама кодының басқа бағдарламалық құралмен жұмыс істеуіне кедергі келтіретін кез келген қатысушыны шеттету құқығын өзінде қалдырады.

  • Binance әрдайым өз шешімі бойынша алдын ала ескертпестен, осы шарттар мен талаптарды анықтауға және/немесе түзетуге, өзгертуге, оның ішінде, осы Науқаннан, жарамдылық шарттары мен критерийлерінен, жеңімпаздарды таңдаудан және олардың санынан, кез келген әрекеттің орындалу уақытынан бас тартуға, оларды ұзартуға, тоқтатуға немесе уақытша тоқтатуға құқылы және бұл түзетулер барлық қатысушыға міндеттеледі.

  • Ағылшын тіліндегі осы түпнұсқа мазмұн мен кез келген аударылған нұсқа арасында сәйкессіздіктер болуы мүмкін. Қандай да бір сәйкессіздіктер туындаған жағдайда ең тура ақпарат алу үшін ағылшын тіліндегі түпнұсқаны қараңыз.

Қолдауыңызға рақмет!

Binance ұжымы

29.07.2025 ж.

Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар:

  • Telegram News

  • Telegram Chat

  • Instagram

Бұл хабарлама қаржылық өнімдерді насихаттау мақсатында BN KZ Technologies Limited («Binance Kazakhstan») компаниясы тарапынан жарияланған. Компания Астана халықаралық қаржы орталығының («AIFC») реттеуші комитетінің рұқсатымен цифрлық активтер сауда алаңын басқару, сақтау қызметтерін көрсету және өз атынан инвестициялық мәмілелер жасау қызметін жүзеге асырады (лицензия нөмірі: AFSA-A-LA-2024-0028).

Цифрлық активтердің бағасы құбылмалы болуы мүмкін. Сіздің инвестицияларыңыздың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін, және сіз салған қаражатыңызды толықтай қайтара алмауыңыз ықтимал. Барлық инвестициялық шешімдерге сіз өзіңіз жауаптысыз. Binance Kazakhstan сіздің кез келген шығындарыңызға жауапты емес.

Фьючерстер және басқа да өнімдермен сауда жасау жоғары нарықтық тәуекелдер мен баға құбылмалылығына байланысты. Сізден қосымша маржиналды депозиттер немесе пайыздарды қысқа мерзімде төлеу талап етілуі мүмкін. Егер осы міндеттемелерді орындамасаңыз, сіздің кепілдігіңіз қосымша ескерту жасалмай жойылуы мүмкін, және сіз есепшотыңыздағы кез келген дефицит пен жиналған пайыздарға жауапты боласыз.

Өткен нәтижелер болашақ табыстың кепілі емес. Саудаға кіріспес бұрын, мәміленің сіздің мақсаттарыңыз бен қаржылық жағдайыңызға сай келетінін, барлық тәуекелдер мен мүмкін пайдасын өз бетіңізше бағалауыңыз қажет. Қажет болған жағдайда тәуелсіз маманнан кеңес алыңыз.

Бұл ақпарат инвестициялық немесе қаржылық кеңес ретінде қарастырылмауы тиіс. Жауапты сауда жасау туралы көбірек білу үшін біздің жауапты сауда материалдары бетіне кіріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттарын және Қауіп туралы ескертуді қараңыз.

Байланыс ақпараты: BN KZ Technologies Limited, Астана қаласы, 010000, Есiл ауданы, Сығанақ көшесі 60/2, 7-ші кеңсе.