Binance Kazakhstan, Қазақстандағы Binance-тің жетекші блокчейн экожүйесінің жергілікті, қаржылық реттеуші мақұлдаған компаниясы пен отандық крафт сусын өндірушісі Sigma Brau бірігіп, елімізде алғаш рет Web3 шабытынан туған лимонадты ұсынды.
Өнім шектеулі сериямен шығады және еліміздегі ең ірі супермаркеттер желісінде, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларындағы Sigma Market фирмалық дүкендерінде эксклюзивті түрде сатылады.
Binance Kazakhstan компаниясының бас директоры Нурхат Кушимов бұл жобаны былай деп атап өтті: «Орталық Азияда алғашқы крипто-лимонадты Sigma Brau компаниясымен бірлесіп шығарғанымызға қуаныштымыз. Бұл жергілікті бренд бізбен бірге жаңашылдыққа сенеді. Біз криптовалютаны қарапайым және түсінікті етуге ұмтыламыз – ал кейде оған апарар ең оңай жол – дәм арқылы. Бұл өнімде жергілікті колорит, технологиялық стиль және Web3 философиясы үйлесім табады».
Әрбір лимонад банкісі — жай ғана сусын емес, бұл криптовалюта әлеміне жасалған шақыру. Жаз бойы тұтынушыларды Binance-тің арнайы бонустары мен цифрлық белсенділіктері күтеді.
Науқанға қатысу шарттары мен толық ақпарат осы жерде: сілтеме бойынша өтіңіз
Лимонадты өз қалаңыздан іздеңіз! Қолжетімді сатылым нүктелерінің тізімі әр 24 сағат сайын осы сілтеме арқылы жаңартылып отырады.
«Жергілікті брендтің блокчейн технологияларының жаһандық көшбасшысымен серіктестігі – Шымкенттің әлем картасындағы танымалдығы үшін үлкен қадам. Sigma Brаu — Оңтүстік Қазақстанда өсіп шыққан бренд, бүгінде елдегі крафт сырасы мен сусындар нарығының көшбасшысы. Binance-пен бірге біз ерекше дәмі бар өнім ғана емес, күнделікті дүниелер арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жаңа формат жасадық», — деп атап өтті Sigma Brаu компаниясының негізін қалаушы (co-founder) Тимур Турисбеков.
Sigma Brau компаниясымен серіктестік — Binance Kazakhstan үшін цифрлық активтерді күнделікті өмірге жақындатуға жасалған тағы бір маңызды қадам.
Біздің мақсат — криптовалютаны көпшілікке түсінікті, дәмді әрі көз тартарлық форматта ұсыну.
Binance Kazakhstan туралы
Binance Kazakhstan AIFC қаржы реттеушісі – Astana Financial Services Authority (AFSA) тарапынан Цифрлық активтермен сауда платформасын басқару, кастодиалды қызметтер көрсету және негізгі инвестор ретінде мәмілелер жасау қызметтерін жүзеге асыруға лицензияланған. Лицензияның мәртебесі мен оның жарамдылығын AFSA сайтынан тексеруге болады (www.afsa.kz ).Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://www.binance.com/kk-KZ