Сауда
Қосымша

Crypto Lemonade - майнит ететін дәм: Қатысу ережелері

2025-07-11

Қатысу ережелері

1. Акцияны өткізу мерзімі

1.1. Акция 2025 жылғы 14 шілде сағат 00:00-ден бастап 2025 жылғы 30 қыркүйек қоса алғанда (бұдан әрі — «Акция өткізу кезеңі») өткізіледі.

2. Акцияны өткізу аумағы

2.1. Акция Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

3. Акцияға қатысушылар

3.1. Акция мен жүлделер ұтысы лотерея болып табылмайды және «Sigma Brau» ТМ және Binance Kazakhstan коммерциялық ұйымдарының тауарларының (қызметтерінің) сатылымын ынталандыруға бағытталған.

Акцияға Қазақстан Республикасының азаматтары, ел аумағында тұратын және Акция өткізу сәтінде 18 жасқа толған тұлғалар қатыса алады (бұдан әрі — «Қатысушы» немесе «Қатысушылар»).

3.2. Акцияға қатысуға құқығы жоқ тұлғалар:
• «Sigma Brau» ТМ өнімін өндіретін немесе тарататын компаниялардың иелері, қызметкерлері мен өкілдері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (жұбайы, балалары, бауырлары, ата-аналары);
• Акцияны өткізуге тартылған жарнама агенттіктерінің және серіктестерінің иелері мен қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.

4. Акцияға қатысатын өнімдер

4.1. Акцияға қатысатын «Sigma Brau» ТМ өнімдері тиісті белгімен таңбаланған және банканың қақпағындағы кілттің астында бірегей кодты қамтиды.

5. Жүлделер және оларды алу тәртібі

5.1. “Binance Technologies Limited” жеке компаниясынан (бұдан әрі – “Binance Kazakhstan”) жүлделер:
• Бас жүлде: 0.1 BTC-ден 4 жүлде
• Қосымша жүлделер:

  • 0.1 USDC

  • 0.5 USDC

  • 5 USDC

  • $20 PEPE

  • $100 DOGE

5.2. Sigma Brau компаниясынан жүлделер:
• Әрқайсысында 500 мл көлемдегі Sigma Brau сусыны бар 1000 жиынтық.
• Жүлделерді жеткізу Sigma Brau тарапынан жүзеге асырылады.:

• Жүлделеріңізді ұтқан күннің ертесіне ала аласыз: Алматыда – Auster барында, Шымкентте – Sigma және Auster барларында, сондай-ақ Sigma market дүкендерінде. Өздеріңізге ыңғайлы мекенжайларды 2ГИС және Яндекс.Карталардан таба аласыз.

5.3. Binance Kazakhstan қандай да бір себеппен жүлдені пайдалана алмауға жауапты емес.

5.4. Акцияға қатысу жүлде алуға кепілдік бермейді. Жүлделер саны шектеулі және Акция шарттарына сәйкес бөлінеді. Шарттарды орындаған және кездейсоқ немесе алдын ала белгіленген критерийлер бойынша таңдалған қатысушылар ғана жүлделер алады. Қалған қатысушылар өтемақы талап ете алмайды.

6. Қалай жеңімпаз болуға және жүлде алуға болады

6.1. Жүлделер ұтысына қатысу үшін:
• Акцияға қатысатын өнім банкісін сатып алыңыз.
• Қақпақтың астынан бірегей кодты (латын әріптері мен сандардан тұратын 6 таңбалы) табыңыз.
• Банкадағы QR-кодты сканерлеңіз немесе сілтеме арқылы өтіңіз:
https://app.binance.com/ru-kz/activity/challenge-competition/BN11128632702999330176
• Binance Kazakhstan платформасында бар тіркелгіге кіріңіз немесе электрондық пошта немесе телефон нөмірін көрсетіп тіркеліп, жеке тұлғаны верификациядан өткізіңіз: https://www.binance.com/ru-KZ
• 2025 жылғы 10 шілдеден бастап 10 қыркүйек қоса алғанда ресми Акция парақшасына бірегей кодты енгізіңіз. Әр код — ұтыс үшін 1 мүмкіндік.

6.2. Жеңімпаздар Акция парақшасындағы кездейсоқ таңдау механизмі арқылы анықталады.

6.3. Нәтижелер кодты тіркегеннен кейін бірден бетте көрсетіледі.

6.4. Криптовалюта жүлделері Binance Kazakhstan платформасындағы Қатысушының (Спот әмиянына) автоматты түрде аударылады.

6.5. Бір қатысушы қанша код енгізсе де, тек 1 ғана бас жүлдені ала алады.

7. Жалпы ережелер

7.1. Барлық жүлделер осы Ережелерге сәйкес беріледі.

7.2. Жүлделер айырбастауға немесе қайтаруға жатпайды. Ұйымдастырушы және серіктестер жүлделерді пайдаланудың салдары үшін жауап бермейді.

7.3. Барлық қорытындылар түпкілікті және шағымдануға жатпайды.

7.4. Ұтыс ойын құмар ойын емес және пайда табуды көздемейді.

7.5. Бір қатысушы бір күнтізбелік апта ішінде 7 бірегей кодтан артық тіркей алмайды.

7.6. Акцияға қатыса отырып, қатысушы өзінің жеке деректерін, соның ішінде аты-жөні, фотосы, сұхбаттары және т.б., қосымша ақысыз және мерзім мен аумақ шектеусіз маркетингтік мақсаттарда пайдалануға келісім береді.

7.7. Binance.kz форс-мажор жағдайларына байланысты міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапты емес, оған мыналар жатады: табиғи апаттар, эпидемиялар, соғыстар, мемлекеттік шектеулер және т.б.

7.8. Даулы жағдайларда Ұйымдастырушы соңғы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

7.9. Осы Ережелерде қолданылатын терминдер тек осы Акция шеңберінде пайдаланылады.

7.10. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

8. Қаржылық промо

Бұл хабарлама және жүлделер ұтысы қаржылық өнімдерді, қаржылық қызметті жылжыту болып табылады және BN KZ Technologies Limited компаниясымен жарияланады. Бұл компания Астана Халықаралық Қаржы Орталығының Комитетімен цифрлық активтермен сауда платформасын басқаруға, сақтау қызметтерін көрсетуге және инвестициялық мәмілелер жасауға уәкілетті (лицензия № AFSA-A-LA-2024-0028, 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап жарамды).

Цифрлық активтердің бағасы құбылмалы болуы мүмкін. Инвестиция құны артуы да, азаюы да мүмкін, және сіз салынған қаражатты қайтарып алмауыңыз мүмкін. Барлық инвестициялық шешімдер үшін жауапкершілік тек өзіңізге тиесілі. Binance Kazakhstan компаниясы сіздің шығындарыңыз үшін жауап бермейді.

Фьючерстермен және басқа өнімдермен сауда жасау жоғары нарықтық тәуекелдермен және бағаның құбылмалылығымен байланысты. Сізден қосымша маржа салымын енгізу немесе пайыз төлеу талап етілуі мүмкін. Бұл міндеттемелер орындалмаған жағдайда, кепілдіксіз активтер ескертусіз жойылып, сіз шоттағы жетіспеушілік және есептелген пайыздар үшін жауапты боласыз.

Өткен нәтижелер болашақ табыстарға кепілдік бермейді. Сауда жасаудан бұрын, сіз өзіңіздің мақсаттарыңыз бен қаржылық жағдайыңызды ескере отырып, мәміленің орындылығын және барлық тәуекелдер мен ықтимал пайдасын бағалауыңыз керек. Қажет болған жағдайда тәуелсіз маманнан кеңес алыңыз.

Бұл ақпарат инвестициялық немесе қаржылық кеңес болып табылмайды. Жауапты сауда туралы көбірек білу үшін біздің арнайы парақшамызды қараңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Пайдалану шарттарымен және Тәуекел туралы ескерту парағымен танысыңыз.

Байланыс ақпараты: BN KZ Technologies Limited, Астана қ., 010000, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 60/2, 7-кеңсе.

Бұл хабарлама [14 шілде] күні жарияланды және 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды.

Ресми ережелердің орысша нұсқасы осы жерден таба аласыз.

Версию официальных правил на русском языке вы можете найти по ссылке здесь.

285 018 755 пайдаланушы бізді таңдады. Себебін бүгін біліңіз.